13
март
2023
Егізбайұлы Ерғали
Өмірбаян
Мен, Егізбайұлы Ерғали 1984 жылдың 20 қазанында Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы, Төңкеріс ауылында қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкем –
Сапартаев Егізбай (1989 жылы дүние салды) мал дәрігері болған, анам –
Өтегенова Шахарбану медбике болып қызмет атқарған, бүгінгі күні зейнеткер.
1990 жылдың қыркүйек айында Төңкеріс ауылындағы С.М.Киров атындағы
қазақ орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 2001 жылы аталған мектепті
үздік бітірдім.
2001 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
Құрылыс мамандығына мемлекеттік грантпен оқуға түсіп, 2005 жылы Техника
және технология бакалавры біліктілігі бойынша үздік тәмамдадым.
2008-2010 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын
өндіру мамандығы бойынша білім алып, техника ғылымдарының магистрі
академиялық дәрежесін иелендім.
2010-2012 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінде Экономика мамандығы бойынша білім алдым.
Жұмыс тәжірибем:
2005 жылы еңбек жолымды «Крез-Сервис» ЖШС-де инженер-конструктор
болып бастадым.
2006-2008 жылдар аралығында «Қызылорда Даму» ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінің инженері, бөлім басшысы қызметтерін атқардым.
2008-2009 жылдары «Мелиоратор» ЖШС-нің өндірістік-техникалық
бөлімнің басшысы қызметінде болдым.
2009-2012 жылдары «KZ-M строй» ЖШС-нің өндірістік-техникалық
бөлімнің басшысы, бас инженер қызметтерін атқардым.
2013 жылдан бүгінге дейін «Алтын Айдарлы» ЖШС-нің директорымын.
Жұмыс барысы:
«Алтын Айдарлы» ЖШС-де директор болып қызмет атқарғалы Қызылорда
қаласындағы бірнеше көпқабатты үйлердің құрылысын салдық. Сол жағалаудағы
салынған үйлердің алғашқыларының біршамасын салуға өз үлесімді қостым.
Еліміздің біршама аймақтарында инженерлік-құрылымдар мен ауыз су жүйелерін
жүргізуде жұмыстар жасадық. Бірнешеуін атап айтар болсақ:
1. Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Рахмет жырау көшесіндегі 53
пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысы.
2. Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан №3 38
пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысы.
3. Қызылорда қаласы, СПМК-70 ауданындағы №2 кварталдағы 40 пәтерлі
№12 тұрғын үй құрылысы.
4. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат ауылын ауыз сумен қамту
нысаны құрылысы.
5. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауылын ауыз сумен қамту
нысаны құрылысы.
6. Қызылорда қаласы, Сырдария өзені сол жағалауында №4 кварталдағы 50
пәтерлі №3 тұрғын үй құрылысы.
7. Екібастұз қаласы, 9-шағын аудандағы 9 қабатты алты тұрғын үйдің ауыз
су, жылу жүйелерінің құрылысы.
8. Қызылорда қаласы, Сырдария өзені сол жағалауында орналасқан №4 40
пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысы.
9. Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі №2 кварталдағы 160 пәтерлі
№8 тұрғын үй құрылысы.
10. Қызылорда қаласы, Сырдария өзені сол жағалауында №3 кварталдағы 40
пәтерлі №37 тұрғын үй құрылысы.
Жетістіктерім:
2018 жылы «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалімен, «Тасбөгет
кентіне 70 жыл» төсбелгісімен марапатталдым. Бұған қоса әр жылдары түрлі
деңгейдегі алғыс хаттармен, құрмет грамоталармен марапатталдым. Атап
айтқанда:
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың Тәуелсіздік күніне арналған
алғыс хаты;
Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаты;
Қазалы ауданы әкімі М.Оразбаевтың аудандағы Жанқожа батыр және
Майдакөл ауылдарындағы ауыз су желісін жүргізуге қосқан ерекше еңбегі үшін
алғыс хаты;
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының әкімі Ю.Бекхожинның құрмет
грамотасы.
Қызығушылығым:
Бос уақытымда табиғат аясында аңшылық-саятшылық құрғанды жақсы
көремін. Шахмат, бильярд ойындарына, шаңғы спортына қызығушылығым бар.
Отбасылымын. Жұбайым Беримбаева Венерамен бір ұл, төрт қыз тәрбиелеп
отырмыз.
Ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін