Әмірқұл Романқұлұлы Жылқайдаров
Әмірқұл Романқұлұлы Жылқайдаров
1959 жылы 13 сәуір күні дүниеге келген.
1966-1976 жыл аралығында №158 С.М.Киров
атындағы орта мектебінде 10 жылдықты бітірді.
Білімі: Жоғары шымкент,қазақ химия-технология инст.
Мәскеу халықаралық университеті
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Еңбек жолы: 1983 жылы «Қызылордақұрылыс» тұрғын үй
комбинатында шебер, цех меңгерушісі
2004-2011 жылдар аралығында Қызылорда облыстық
Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс,
авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және
жоюды ұйымдастыру басқармасының басшысы,
2011-2012 жылдары Қызылорда облыстық Жолаушылар
тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының
басшысы,
2012-2013 жылдар аралығында Қызылорда облыстық
құрылыс басқармасының басшысы
2017 жылдан бастап бүгінге дейін Қазақ құрылыс және
сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты АҚ-ы Бас
директорының кеңесшісі лауазымында болды.
Облыстық мәслихаттың ІІ және ІІІ шақырылымының
депутаты
Марапаттары: «Құрмет орденінің» және «Төтенше жағдайлардың алдын
алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалінің иегері.
Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы.
Әр жылдары жеке секторда, еліміздіегі ірі компанияларда жауапты қызметтер атқарған. Сондай-ақ аймақтағы құрылыс саласына да елеулі еңбек еткен.
«Инженер-құрылысшы-технолог», «Экономист»,«Заңгер» мамандықтарын игерген.
Отбасылы,2 ұл,2 қыз тәрбиелеп отыр