Жаукеев Ердаулет Баянбайұлы
Жаукеев Ердаулет Баянбайұлы
1976 жылдың қазан айының 15-жұлдызында
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Төңкеріс ауылында дүниеге келген.
Төңкеріс ауылындағы № 158-ші С.М.Киров
атындағы қазақ орта мектебін бітірген
Білімі:
1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Министірлігінің Павлодар Заң колледжіне
«құқықтану» мамандығы бойыншаоқуға түсіп
1999 жылы осы аталған оқу орнын
полиция лейтенанты арнайы атағымен
бітіріп шыққан.
Еңбек жолы:
10.09.1999 жылы Қармақшы ауданы ішкі істер бөлімінің қылмысты іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі қызметінен бастаған.
24.10.2001-15.05.2003 жылдар аралығында Қармақшы ауданы ішкі істер бөлімінің қылмысты іздестіру бөлімшесінің аға жедел уәкілі;
15.05.2003-27.08.2004 жылдары Қармақшы ауданы ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімшесінің бастығы;
27.08.2004-17.11.2006 жылдар аралығында Шиелі ауданы ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімшесінің бастығы;
17.11.2006-24.04.2008 жылдары Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің штаб бөлімшесінің бастығы;
24.04.2008-11.09-2008 жыл аралығында Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің Штаб басқармасының ұйымдастырушылық инспекторлық бөлімшесінің аса маңызды істері жөніндегі аға маманы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы;
11.09.2008-22.01.2009 жылдары Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің тіл саясаты және ақпарат бөлімшесінің бастығы;
22.01.2009-03.09.2010 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің Ақсай полиция бөлімі бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары;
11.09.2008-22.01.2009 жылдары Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің тіл саясаты және ақпарат бөлімшесінің бастығы;
22.01.2009-03.09.2010 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің Ақсай полиция бөлімі бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары;
03.09.2010-28.09.2012 жылдар аралығында Қызылорда облысының ішкі істер Департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары;
28.09.2012-20.02.2014 жылдар аралығында Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары;
03.04.2014-19.02.2015 жыл аралығында Қызылорда облысының ішкі істер Департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы;
19.02.2015-14.01.2016 жыл аралығында Қызылорда облысының ішкі істер Департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары;
14.01.2016-17.04.2017 жыл аралығында Қызылорда облысының ішкі істер Департаменті Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары әрі құқық бұзушылықтар профилактикасын ұйымдастыру бөлімінің бастығы;
17.04.2017-05.05.2018 жыл аралығында Қызылорда облысының Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары;
05.05.2018-23.08.2019 жыл аралығында Қызылорда облысының Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары әрі құқық бұзушылықтар профилактикасын ұйымдастыру бөлімінің бастығы;
23.08.2019-12.03.2020 жыл аралығында Қызылорда қаласының полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары;
09.09.2020-01.04.2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің Штаб аға инспекторы;
2021 жылдың сәуір айынан бастап Шиелі ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары
Марапаттары:
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл мерекелік медальімен;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің Ішкі істер органдарында мінсіз қызметі үшін 10,15 және 20 жыл медальдарымен;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін медальімен;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қазақстан Полициясына 20 және 25 жыл мерекелік медальдарымен;
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Қылмысты іздестіру қызметіне 100-жыл және Жылдам қимылдайтын арнайы жасаққа 15-жыл мерекелік медальдармен;
Қызылорда қаласына 200-жыл мерекелік медальімен;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ұлттық Ұланның Оңтүстік Өңірлік Қолбасшылығының үздік қызметі үшін екінші дәрежелі қайсар төс белгісімен;
Қызылорда облысы ішкі істер департаменті бастығының үздік қызметі үшін төс белгісімен;
Екі мәрте Социалистік Еңбек-Ері Ыбырай Жақаевқа 130 жыл мерейтойлық медальімен;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің, Қызылорда облысының Полиция департаменті және Қызылорда облысы әкімінің құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.
Отбасылық жағдайы: жұбайы Саянова Айнұр Жадраевна екеуі бүгінде 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған үлгілі жанұя.